Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WBC чемпионы Чарло қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Опубликовано:

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джермалл Чарло соңғы жекпе-жегінен кейін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы кездесу туралы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Fight Hub TV YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық боксшы орта салмақ дәрежесінде абсолютті чемпион атану үшін WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек екенін айтты.

"Суперорта салмақта үлкен жекпе-жектер өткізе алмасам, қуана-қуана орта салмаққа қайта ауысамын. Мен Жәнібекпен де, міндетті қарсыласым Карлос Адемеспон де жекпе-жек өткіземін. Жеңіске жету үшін бәрін жасаған боксшыларды құрметтеймін. Ал мен ешкімнен қашпаймын. Орта салмақ болса да, екінші орта салмақ болса да чемпиондық атақ сарапқа салынады. Бәрі жақсы болса шаршы алаңда осы жігіттермен қолғап түйістіргенімді көресіздер. Осында болғаныма, жекпе-жек өткізгеніме қуаныштымын. Тағдыр жазса Адамеспен бокстасамын. Абсолютті әлем чемипоны атану үшін Жәнібекпен де жұдырықтасатын күн туарына нық сенімдімін", – деді Чарло жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 25 қарашада Лас-Вегаста Michelob ULTRA Аренада Джермалл мен Хосе кездесіп, төрешілердің ортақ шешімімен Чарло жеңіске жетті.

Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеуді біріктіру үшін Чарломен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2047795-zanibek-alimxanulyn-wbc-cempiony-carlo-zekpe-zekke-saqyrdy/

pixel