jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    НА
    Назерке Абибулла
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатының жүлдегері Дулат Бекбауов басқа салмақ дәрежесіне ауыспақшы

    Боксшы Дулат Бекбауов
    Боксшы Дулат Бекбауов. Фото: olympic.kz

    Бокстан Ташкентте өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов жаңа маусымды жаңа салмақпен бастамақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    67 келі салмақта бокстасатын Дулат Бекбауов Әлем біріншілігі мен Азия чемпионатының финалына шығып, күміс жүлдеге ие болған еді.

    Астанада өткен Қазақстан Спартакиадасында Дулат Бекбауов жеңімпаз атанып, салмақ ауыстыратынын мәлім етті.

    "Олимпиадалық салмаққа ауысамын деп шештім. Әрине, 71 келіге бармайтыным анық. Салмақ қуып, 63,5 келіге өтпекшімін. Бұл салмақта бізде Олимпиада лицензиясы жоқ. Сол үшін жаңа маусымнан бастап салмақ қууды қолға аламын. Салмақ қуу айтарлықтай қиын болады деп ойламаймын", – деді боксшы.

    Айта кетсек, Дулат Бекбауов Әлем біріншілігінің финалында Өзбекстан спортшысы Асахуджа Муйдинхуджаевке есе жіберген болатын.

    Қазақстандық боксшы IBA ұйымдастыратын "Чемпиондар түні" турниріне де тұрақты түрде қатысып келеді. Бұл турнирде Бекбауов пен Муйдинхуджаев тағы да кездесіп, 71 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жек өзбекстандық боксшының пайдасына шешілді.

    Әлем чемпионатының жүлдегері Дулат Бекбауов басқа салмақ дәрежесіне ауыспақшы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.