jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Этникалық қазақ бокстан Өзбекстан чемпионатында жеңімпаз атанды

    Руслан Абдуллаев
    Боксшы Руслан Абдуллаев. Фото: instagram/ruslann_abdullaev

    Этникалық қазақ Руслан Абдуллаев бокстан Өзбекстан чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өзбекстан бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    28 қараша Ташкенттегі "Универсал" спорт кешенінде бокстан Өзбекстан чемпионатының финалдық кездесулері өтті. Аталмыш жарыс Өзбекстан бокс федерациясының ұйымдастыруымен жүзеге асуда. Былғары қолғап шеберлері арасында этникалық қазақтар да бар.

    63,5 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан қазақ боксшы Руслан Абдуллаев финалда өзбекстандық Мужиболло Турсуновты жеңіп, Өзбекстан чемпионы атанды.

    Ал 92 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір қазақ боксшы Мадияр Саидрахимов финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс медаль иеленді.

    Айта кетейік, бокстан Өзбекстан чемпионатына Қарақалпақстаннан және Өзбекстанның барлық аймағынан жиналған боксшылар қатысуда.

    Этникалық қазақ бокстан Өзбекстан чемпионатында жеңімпаз атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.