Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы жекпе-жегінде жеңілген Ангелина Лукас жақында рингке қайта шығатынын хабарлады

Опубликовано:

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Анеглина Лукас жақында рингке оралатынын, сол себепті жоғары деңгейде дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ боксшының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қызу дайындық жүріп жатыр. Жақында рингке ораламын және өзім қалағандай жекпе-жек өткіземін. Кейде жарақаттар мені одан сайын күшейте түседі. Әуесқой және кәсіби мансабымда көп тәжірибе жинадым, сондықтан қайсар мінезді адамдар ешқашан берілмейді. Мақсатым – ұлы чемпион атану. Бұл мақсатыма жетемін. Қолдаушыларға алғыс айтамын", – деп жазды боксшы.

Еске салайық, 30 қазанда 23 жастағы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) кәсіби рингте алғаш рет жеңілді. Ол Ыстанбұлда өткен титулдық жекпе-жекте Чили спортшысы Даниэле Асенхоға (15-3-3, 2 КО) есе жіберді. Матч соңында төреші алдымен қазақстандық боксшының қолын көтерген еді. Алайда төрешілердің басым дауысымен Асенхо жеңіске жетті.

Лукас кәсіби рингте 2021 жылғы желтоқсаннан бері өнер көрсетеді. Ол бұған дейін выигрывала чемпионские пояса по версиям WBC International және UBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2048616-songy-zekpe-zeginde-zenilgen-angelina-lukas-zaqynda-ringke-qaita-sygatynyn-xabarlady/

pixel