jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Геннадий Головкиннің жекпе-жегі бокс тарихында қалды

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images

    Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі бокс тарихында қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Thesportster басылымының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу бокс тарихында қалды. Сол жұдырықтасуда жеңіске жеткен Сауль бір жекпе-жекте ең көп гонорар алған боксшылардың рейтингіне енді. 2022 жылы өткен жекпе-жекте Головкиннің мексикалық қарсыласы Сауль Канело Альварес 45 миллион доллар иеленген екен.

    "Канелоның Головкинге қарсы үшінші жекпе-жегі ел күткендей болмады. Бұл кездесу Биволға жеңілгеннен кейін болды. Сондықтан үшінші кездесу Сауль үшін қиын болмады. Канело сол бокс кешінде егде жастағы Головкинді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген еді", – деп жазылды Thesportster басылымындағы мақалада.

    Бокс тарихында ең жоғары гонорар алған топ-10 спортшы:

    1. Флойд Мэйвезер (Конор Макрегорға қарсы) — $280 миллион;
    2. Флойд Мэйвезер (Мэнни Пакьяоға қарсы) — $250 миллион;
    3. Мэнни Пакьяо (Флойд Мэйвезерге қарсы) — $150 миллион;
    4. Конор Макгрегор (Флойд Мэйвезерге қарсы) — $130 миллион;
    5. Флойд Мэйвезер (Сауль Альвареске қарсы) — $80 миллион;
    6. Оскар де ла Хойя (Флойд Мэйвезерге қарсы) — $52 миллион;
    7. Тайсон Фьюри (Фрэнсис Нганнуға қарсы) — $50 миллион;
    8. Сауль Альварес (Головкинге қарсы үшінші кездесу) — $45 миллион;
    9. Эвандер Холифилд (Майк Тайсонға қарсы) — $35 миллион;
    10. Майк Тайсон (Эвандер Холифилдқа қарсы) — $30 миллион.

    Геннадий Головкиннің жекпе-жегі бокс тарихында қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.