jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовтің кәсіби бокстағы келесі жекпе-жегі белгіленді

    Бекзад Нұрдәулетов
    Бекзад Нұрдәулетов. Фото: instagram/nurdauletovbekzad

    Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов IBA ұйымдастыратын "Чемпиондар түні" бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Адал" кәсіби бокс промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    2019 жылы өткен әуесқой боксшылар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Бекзад Нұрдәулетов (6-0 2 КО) Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) ұйымдастыратын "Чемпиондар түнінде" жұдырықтасады. Кәсіби бокс кеші 15-желтоқсан Астана қаласында өтеді.

    Бекзад Нұрдәулетовтің қарсыласы – ресейлік былғары қолғап шебері Никита Зонь. Жекпе-жек 80 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Спортшылар 3 минуттан тұратын 6 раунд жұдырықтасады.

    Айта кетейік, Бекзад Нұрдәулетовтің кәсіби бокстағы соңғы жекпе-жегі 2022 жылы өтті. Бекзад Польшадағы жекпе-жек кешінде грузиялық Яго Кизирияға қарсы жұдырықтасты. 8 раундтың нәтижесі бойынша төрешілер шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жеткен еді.

    Әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетовтің кәсіби бокстағы келесі жекпе-жегі белгіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.