jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (видео)

    Балауса Мұздыман
    Балауса Мұздыман Фото: Instagram/muzdi_______

    Бүгін, 10 желтоқсан күні қазақстандық боксшы және Parimatch компаниясының бренд-амбассадоры Балауса Мұздиман египеттік Мариям Гебермен жұдырықтасты. Отандасымыз үшінші раундта жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін Алматыда Жанқош Тұраров (27-0 20 КО) пен жапон спортшысы Акихиро Кондо (37-11) бастаған бокс кеші өтті. Кардтың екінші негізгі кездесуінде қазақстандық спортшы Балауса Мұздиман (2-0) мен Египет өкілі Мариям Гебер (3-0) жұдырықтасты.

    Отандасымыз Балауса Мұздиман қарсыласы Мариям Геберді үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

    Айта кетейік, күні кеше Балауса Мұздиман қарсыласының оңай олжа еместігін мәлім еткен болатын.

    "Қарсыласым – Мариям Гебер. Кәсіпқой бокстағы рекорды 3-0 және 2 нокауты бар. Сонымен қатар бокстан Египет пен Африка чемпионы. Мен үшін оңай қарсылас болмайды.

    Бірақ біз осы жекпе-жекке толық дайындық үшін ауыр лагерь өткіздік. Одан бөлек Лас-Вегаста бір айға жуық уақыт спарринг жасадық. Американық ең үздік бокс залдарының бірі Top Rank пен Флойд Мейвезердің залында оқу-жаттығу жұмыстарын өткіздік. Ертең қазақ халқына және жанкүйерлеріме керемет, әсерлі жеңіс сыйлаймын", – деген болатын Балауса Мұздиман.

    Қазақстандық боксшы Балауса Мұздиман қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.