Боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Бекзат Сұлтан Алматыда өткен бокс кешінде спортшының алдағы жоспарлары жайлы батыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
10 желтоқсан Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті. Кардтың басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров пен жапон елінің спортшысы Акихиро Кондо жартылай орта салмақтағы екі белбеуді сарапқа салды.
Бокс кешінде Дулат Тәстекей көпшілік алдында боксшы Жәнібек Әлімханұлына автокөлік сыйлаған еді. Алайда Жәнібек өзіне тарту етілген көлікті ағасы әрі менеджері Берік Сұлтанға сыйлады.
"Күтпеген сыйлық болды! Құрметті, қазақ елі, барлықтарыңыз "Qazaq style-дың" жанкүйері екендеріңізді білеміз. Қазақ спортының жанкүйері екендеріңізді де білеміз. Аллаға шүкір WBO титулын алдық, IBF-ті алдық енді алдымызда Чарло мен Канело бар. Соларды құлату нәсіп етсін!",- деді Жәнібектің менеджері.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен Жапония елінің спортшысы Акихиро Кондо кәсіпқой бокстағы екі белбеуді сарапқа салды. Отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2050161-kanelo-men-carlony-qulatu-nasip-etsin-zanibek-alimxanulynyn-menedzeri-batyl-malimdeme-zasady/