jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Канело мен Чарлоны құлату нәсіп етсін": Жәнібек Әлімханұлының менеджері батыл мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы менеджерімен
    Жәнібек Әлімханұлы менеджерімен. Фото: instagram/beriksultan

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлының менеджері Бекзат Сұлтан Алматыда өткен бокс кешінде спортшының алдағы жоспарлары жайлы батыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    10 желтоқсан Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті. Кардтың басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров пен жапон елінің спортшысы Акихиро Кондо жартылай орта салмақтағы екі белбеуді сарапқа салды.

    Бокс кешінде Дулат Тәстекей көпшілік алдында боксшы Жәнібек Әлімханұлына автокөлік сыйлаған еді. Алайда Жәнібек өзіне тарту етілген көлікті ағасы әрі менеджері Берік Сұлтанға сыйлады.

    Жәнібек Әлімханұлының instagram stories-і
    Жәнібек Әлімханұлының instagram stories-і. Скриншот: instagram/janibek_alimkhanuly

    "Күтпеген сыйлық болды! Құрметті, қазақ елі, барлықтарыңыз "Qazaq style-дың" жанкүйері екендеріңізді білеміз. Қазақ спортының жанкүйері екендеріңізді де білеміз. Аллаға шүкір WBO титулын алдық, IBF-ті алдық енді алдымызда Чарло мен Канело бар. Соларды құлату нәсіп етсін!",- деді Жәнібектің менеджері.

    Айта кетейік, қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров пен Жапония елінің спортшысы Акихиро Кондо кәсіпқой бокстағы екі белбеуді сарапқа салды. Отандасымыз төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

    "Канело мен Чарлоны құлату нәсіп етсін": Жәнібек Әлімханұлының менеджері батыл мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.