jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Санжар Тәшкенбай бастаған қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысады

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    2-12 ақпан аралығында Болгария астанасы Софияда бокстан "Странджа" турнирі өтеді. Жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Странджа" турнирінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшылардың ішінде әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай (51 келі) бар. Одан бөлек Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі), Ерасыл Танкай (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Талғат Шәйкен (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (80 келі), Абзал Құттыбеков (86 келі), Сағындык Тоғамбай (92 келі) сынды былғары қолғап шеберлері аталған турнирде бақ сынайды.

    Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы мүмкін. 

    Айта кетейік, "Странджа" кубогы – Болгарияда жыл сайын өтетін халықаралық әуесқой бокс турнирі. Ол алғаш рет 1950 жылы Софиядағы "Юнак" стадионында өткен еді. Биыл 75-рет ұйымдастырғалы отыр.

    Санжар Тәшкенбай бастаған қазақстандық боксшылар халықаралық турнирге қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.