jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Жәнібек ешқашан АҚШ жанкүйерлерінің жүрегін жаулай алмайды": шетелдік журналист Әлімханұлы жайлы пікірін айтты

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Punchout Boxing журналисі Ра Хокум қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының 2024 жылғы қарсыластарына қатысты өз ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Еске салайық, осыған дейін Жәнібек Әлімханұлы 2024 жылы тағы бір чемпиондық белбеуді көздейтінін айтқан еді. Ол қазір орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

    Хокумның ойынша қазақ боксшысы мансабын АҚШ-та емес, Ұлыбританияда жалғастырса сәтті болады.

    "Жәнібек Әлімханұлы Рамазан айына дейін кіші Крис Юбенкпен жұдырықтасуы керек. Содан кейін жазда "Сток Сити" стадионында Нэтан Хинимен жекпе-жек өткізсе дұрыс болады. Өйткені, Жәнібек АҚШ-та ешқашан жанкүйерлер жинай алмайды", – деп жазды журналист Ра Хокум.

    Айта кетейік, "Qazaq Style" BoxRec нұсқасы бойынша ең жақсы көрсеткішті 2022 жылдың мамыр айында көрсеткен еді. Қазақстандағы орта салмақ дәрежесіндегі боксшылар арасында 1-орын, ал әлем бойынша 8-орында тұрған болатын.

    "Жәнібек ешқашан АҚШ жанкүйерлерінің жүрегін жаулай алмайды": шетелдік журналист Әлімханұлы жайлы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.