Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Головкиннің 2003 жылғы жекпе-жегінің видеосы пайда болды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Желіде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің 21 жыл бұрынғы жекпе-жегінің видеосы пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Халықаралық бокс ұйымының (IBO) X желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

2003 жылы Таиландтағы бокстан әлем чемпионатында Геннадий Головкин украиналық Олег Машкинмен жұдырықтасқан болатын. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен кездесуде қазақстандық боксшы уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Сол жекпе-жектің видеосы жақында Халықаралық бокс ұйымының (IBO) X желісіндегі парақшасында жарияланды.

"Геннадий Головкин Олег Машкинді 2003 жылы Бангкоктағы әуесқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионатында тоқтатып жатыр", – делінген жазбада.

Айта кетейік, 2003 жылы Таиландта өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан 2 алтын жеңіп алған еді. Оның бірін Геннадий Головкин, екіншісін Галиб Жапаров иеленген болатын. Сөйтіп ұлттық құрама жүлде саны бойынша Ресей мен Кубадан кейінгі үшінші орынға жайғасқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2054123-zelide-golovkinnin-2003-zylgy-zekpe-zeginin-videosy-paida-boldy-video/

pixel