jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Пәтер дауы": Спорт және туризм министрлігінің өкілі Cәкен Бибосыновқа қатысты жағдайға пікір білдірді

    Сакен Бибосынов
    Сакен Бибосынов. Фото: Турар Казангапов

    Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова боксшы Сәкен Бибосыновқа берілген пәтер төңірегіндегі дауға пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Айгүл Бектенованың айтуынша, қолданыстағы заң бойынша Сәкен Бибосынов пәтерді тек 10 жылдан кейін өз атына рәсімдей алады.

    "Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер беру туралы заң 2014 жылы қабылданды. Ал 2019 жылы ол пәтерді 10 жылға дейін өз атына рәсімдеуге шектеу қоятын норма енгізілді. Сәкен Бибосыновқа пәтер 2021 жылы берілді. Сондықтан ол баспананы тек 10 жылдан соң өз атына рәсімдей алады", - деді министрлік өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

    Еске сала кетсек, бұған дейін бокстан әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Түркістан облысының бұрынғы әкімі табыстаған екі бөлмелі пәтерді өз атына рәсімдей алмай жүргенін жазған едік.

    Кейін бұған қатысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі пікір білдіріп, пәтер боксшының меншігіне берілетінін айтты.

    "Пәтер дауы": Спорт және туризм министрлігінің өкілі Cәкен Бибосыновқа қатысты жағдайға пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.