jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Жиырмасыншы нокаут: боксшы Артур Бетербиев британиялық спортшы Каллум Смитті жеңді

    Боксшы Артур Бетербиев
    Артур Бетербиев. Фото: Zac Goodwin/PA Images via Getty Images

    Ресейлік боксшы Артур Бетербиев британиялық спортшы Каллум Смитті жеңіп, орта ауыр салмақ дәрежесіндегі үш чемпиондық титулын қорғап қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесу Монреаль қаласында өткен бокс кешіндегі кардтың басты оқиғасы болды. Алғашқы минуттардан бастап екі қарсылас та белсенді әрекет ете бастады. Бірақ Бетербиевтің басымдығы айқын байқалды.

    Канада туымен рингке шыққан ресейлік спортшы дәл соққылар жасап, жетінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Кейін британиялық боксшының командасы жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

    Артур орта ауыр салмақ дәрежесіндегі WBC, WBO және IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін қорғап шықты. 38 жасар боксшы кәсіби мансабындағы барлық 20 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады.

    Жиырмасыншы нокаут: боксшы Артур Бетербиев британиялық спортшы Каллум Смитті жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.