Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы қыз әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Ангелина Лукас
Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас рингке оралатынын және әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ангелина Лукастың Instagram-дағы расми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ангелина Лукас 31 қаңтарда пәкістандық боксшы Рома Юсафпен жұдырықтаспақ. Жекпе-жек Әзірбайжанда өтеді.

Ангелина Instagram желісіндегі парақшасына жекпе-жектің афишасын жариялады.

"Қайырлы таң, менің сүйікті елім және барлық бокс жанкүйерлері! Мен сіздерге қуанышты жаңалықты айтқым келеді, мен 31 қаңтарда рингке ораламын. Бұл менің мансабымдағы 7 жекпе-жегім және бұрынғыдай дәреже үшін болады! Мен WIBA әлем чемпионы атағы үшін күресемін. Бұл атаққа Мұхаммедтің қызы Али-Лейла Али, сонымен қатар әлемнің абсолютті чемпионы Наталья Рагозина сияқты аңыздар және басқа да көптеген әйел күрескерлер ие болды, бұл шын мәнінде әйел атағы , сондықтан афиша да осы стильде болып тұр! Мен бұл атаққа таласып, әдемі боксты және жаттығуда қандай жұмыс жасағанымызды көрсетемін!" – деп жазды Ангелина Лукас Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2055697-qazaqstandyq-bokssy-qyz-alem-cempiony-atagy-usin-zudyryqtasatynyn-malimdedi/

pixel