jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Иштван Бочкай турнирі: қазақстандық боксшылардың бірінші жарыс күніндегі нәтижелері қандай

    Ертуған Зейнуллинов
    Ертуған Зейнуллинов. Фото: olympic.kz

    Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирдің бірінші күні аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Турнирдің алғашқы күнінде төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, оның үшеуі келесі айналымға өтті.

    Бейбарыс Жексен (60 келі) моңғолиялық қарсыласынан басым түсті. Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) пен Сабыржан Аққалықов (71 келі) Мажарстан боксшыларын жеңді. Ал Диас Молжігітов (75 келі) жеңіліске ұшырап, жарысты аяқтады.

    Айта кетейік, Иштван Бочкай мемориалы 15-21 қаңтар аралығында өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан 14 боксшы барды. Олар: Асхат Жүсіпов, Даниял Сәбит, Кенже Мұратұлы, Самат Жетібаев, Асылжан Серікбай, Жексен Бейбарыс, Ертуған Зейнуллинов, Рахат Сейітжан, Сабыржан Аққалықов, Диас Молжігітов, Ерасыл Жакпеков, Темірлан Мұқатаев, Данияр Рахымбердиев, Дамир Тойбай.

    Бокстан Иштван Бочкай турнирі: қазақстандық боксшылардың бірінші жарыс күніндегі нәтижелері қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.