jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшылар Мажарстанда өткен турнирде 5 алтын медаль жеңіп алды

    Қазақстандық боксшы рингте
    Қазақстандық боксшы рингте. Фото: olympic.kz

    Дебрецен (Мажарстан) қаласында өткен бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнир аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасының 9 спортшысы финалға дейін жетті. Соның бесеуі алтын, төртеуі күміс жүлде иеленді.

    Алтын медаль жеңіп алған боксшылар қатарында Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) бар.

    Асхат Жүсіпов финалда Украина өкілі Андрей Тишковецтен басым түсті. Ақтық мәреде бақ сынап, чемпион атанған басқа қазақстандық боксшылар Мажарстан өкілдерімен бетпе-бет келді. Асылжан Серікбай Роланд Верешті ұтса, Бейбарыс Жексен Крузито Ковачты тізе бүктірді. Ал Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты, Ерасыл Жақпеков Пал Ковачты жеңді. 

    Финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлде иеленген қазақстандық боксшылар қатарында Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) бар.

    Қазақстандық боксшылар Мажарстанда өткен турнирде 5 алтын медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.