Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Лараны шаршы алаңға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жәнібек Әлімханұлының Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Qazaq Style" Twitter-дегі ресми парақшасындағы тағы бір постын Эрисланди Лараға арнады.
"Лара, қайдасың? Кел, жұдырықтасайық! Осы жылы менде 4 титул болуы керек", – деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, Эрисланди Лараның кезекті қарсыласы – австралиялық боксшы Майкл Зерафа. Жекпе-жек Лас-Вегаста 2024 жылдың 30 наурызында өтеді деп жоспарланып отыр. Эрисланди Лара 2022 жылдан бері ешқандай жекпе-жек өткізбеген.
"Qazaq Style" BoxRec нұсқасы бойынша ең жақсы көрсеткішті 2022 жылдың мамыр айында көрсеткен еді. Қазақстандағы орта салмақ дәрежесіндегі боксшылар арасында 1-орын, ал әлем бойынша 8-орында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2057673-zanibek-alimxanuly-wba-cempiondyq-belbeuinin-iegerin-zekpe-zekke-saqyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.