jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин рингке қашан оралады: боксшының бұрынғы бапкері жауап берді

    Боксшы Геннадий Головкин
    Боксшы Геннадий Головкин. Фото: Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images

    Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес шәкіртінің рингке оралуы мүмкін екеніне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ World Boxing News порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Геннадий шаршы алаңға орала ма жоқ па білмеймін. Оралмайды деп үміттенемін. Мен оның соңғы жекпе-жегін көрмедім. Тек ол туралы естіп, оқып жүрдім. Бірақ мен Геннадийдің мансабы мен жекпе-жектері оны қартайтатындай болды деп ойламаймын. Оның cоңғы кездесуінде мен және басқалар күткендей жұдырықтаспауына жаттығуындағы әдеттері мен режимінің өзгеруі себеп болды деп есептеймін", – деді Санчес.

    Сондай-ақ Абель Санчес қазір Геннадиймен бірге жұмыс істеп жатқан адамдардан көңілі қалғанын айтты.

    "Олар тіпті Геннадий чемпиондық белбеулерінен бас тартуды шешкенде баспасөз мәслихатын ұйымдастырып беруге жараған жоқ. Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер бұл жағдайда үлкен баспасөз мәслихатын ұйымдастырар еді. Сол кезде Геннадий жоспарлары туралы айтып бере алатын еді", – деді бапкер.

    Айта кетейік, Абель Санчес 2019 жылға дейін Геннадий Головкинді жаттықтырды. Головкин соңғы рет рингке 2023 жылы қыркүйекте шығып, Сауль Канело Альвареспен трилогияда жеңіліп қалған еді.

    Головкин рингке қашан оралады: боксшының бұрынғы бапкері жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.