jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барлық жағдайды жасаймыз": Қазақстан бокс федерациясының жаңа басшысы ұлттық құрамамен кездесті

    Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп
    Мырзағали Айтжанов пен Шахмұрат Мүтәліп. Фото: instagram/tukeshov_official

    Қазақстан бокс федерациясының жаңадан сайланған президенті Шахмұрат Мүтәліп ұлттық құраманың былғары қолғап шеберлерімен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бокс сарапшысы Жалғас Түкешовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жаңа басшыға Италияда өтетін рейтингтік турнирге баратын спортшыларды таныстырды. Кейін Шахмұрат Мүтәліп спортшыларға сәттілік тілеп, жұмыла еңбек етуге шақырды.

    "Маған дауыс беріп, қолдап осы федерацияның басшысы етіп тағайындап отыр. Бәріңіз білесіздер алдымызда өте үлкен міндет тұр. Бокс біздің ұлттық спортымыз ғой. Бүкіл халық және президентіміз бізге үміт артып отыр. Ең бастысы, келе жатқан Олимпиадаға дайындығымызды шыңдауымыз керек.

    Осы орайда жеке өздеріңізбен танысып, дайындықтарыңызды, жағдайларыңызды көрейін деп келген жайым бар. Біз барлық қолдан келетін жұмысты, жағдайды жасауға дайынбыз. Әрине ақырғы нәтижені өздеріңізден күтеміз. Бірақ мақсатымызға жету үшін қандай да бір жағдайлар болса, сұрақтар болса, соның бәрін орындап, барлық жағдайды жасауда аянып қалмаймыз", – деді федерация басшысы.

    Сондай-ақ Шахмұрат Мүтәліп бокс федерациясының бұрынғы басшысы туралы сөз қозғады.

    "Кеңес Хамитұлының да біздің боксқа сіңірген еңбегі өте көп. Ол кісі алысқа кеткен жоқ. Бокс федерациясының құрметті президенті болып қалды", – деді Шахмұрат Мүтәліп.

    Еске салайық, осыған дейін Кеңес Рақышевтың орнына Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланғанын жазғанбыз.

    "Барлық жағдайды жасаймыз": Қазақстан бокс федерациясының жаңа басшысы ұлттық құрамамен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.