jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Санжар Тәшкенбай "Странджа" турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Санжар Тәшкенбай
    Санжар Тәшкенбай. Фото: kazsports.kz

    Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінде күміс медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    51 келі салмақта сынға түсетін Санжар Тәшкенбай финалда Үндістан өкілі Амит Пангалмен жұдырықтасты. Жекпе-жек 5:0 есебімен үндістандық боксшының пайдасына шешілді.

    Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Өзбекстан өкілі Асылбек Жалиловты 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған еді.

    "Кіші әлем чемпионаты" саналатын "Странджа" кубогына қазақстандық 10 боксшы барды. Олар: Санжар Тәшкенбай (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Руслан Күзеубаев (60 келі), Ерасыл Таңқай (63,5 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Талғат Шәйкен (71 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Тұрсынбай Құлахмет (80 келі), Абзал Құттыбеков (86 келі).

    Өткен жылы "Cтранджа" кубогінде Қазақстан құрамасы 2 жүлде еншілеген болатын. Оразбек Асылқұлов (57 келі) күміс медаль жеңіп алса, Нұрқанат Райыс (75 келі) қола жүлде иеленді.

    Санжар Тәшкенбай "Странджа" турнирінің күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.