jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ордабасы" футбол клубының қолдаушысы Шымкент бокс федерациясының басшысы болып тағайындалды

    Батырбек Әшірбаевтың жаңа қызметке тағайындалу сәті.
    Батырбек Әшірбаевтың жаңа қызметке тағайындалу сәті. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

    Шымкент қалалық бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қалалық бокс федерациясының президенті қызметіне Әшірбаев Батырбек Мырзагелдіұлы тағайындалды. Осыған дейін бұл қызметті Бахадыр Нарымбетов атқарған еді.

    Батырбек Мырзакелдіұлы – Шымкент қаласының тумасы. Ол – "Болашақ" стипендиясының иегері, Pennsylvania State Университетінің түлегі.

    Еңбек жолын 2015 жылы "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамында бастаған. 2016-2023 жылдары құрылыс саласында лауазымды қызметтер атқарған.

    Қазіргі таңда құрылыс саласында жеке кәсіпкер. Сондай-ақ ол – "Ордабасы" футбол клубының қолдаушысы, әрі демеушісі.

    Еске салайық, Кеңес Рақышевтың орнына Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланған еді.

    "Ордабасы" футбол клубының қолдаушысы Шымкент бокс федерациясының басшысы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.