Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пайдам тиеріне шын сенемін!" Головкин қолдаған спортсүйер қауымға алғыс айтты

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин Бас ассамблея отырысында. Фото: instagram.com/gggboxing

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті қызметіне сайланған Геннадий Головкин спортсүйер қауымға қолдау білдіріп, құттықтағаны үшін алғыс айтты. Бұл туралы қазақстандық боксшы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Қадірлі достар, бүгін құттықтауын жолдаған барша спортсүйер қауымға алғысым шексіз! Халықаралық олимпиадалық қоғамдастықта еліміздің атынан қызмет ету мен үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік.

Алдымызда үлкен міндеттер тұрғанына қарамастан, ел спортына пайдам тиеріне шын сенемін! Ең бастысы – біздің жұмыс істеуге деген үлкен ниетіміз бен сіздердің шексіз қолдауларыңыз бар! Рахмет!", - деп жазды Головкин.

Айта кетейік, бүгін, 26 ақпанда Бас Ассемблеяның отырысында Геннадий Головкин ҰОК-нің жаңа президенті болып сайланды. Оның кандидатурасын Бас Ассамблея мүшелері бір ауыздан қолдады. 2015 жылдан бері бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарған еді.

Кейін Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа құрамы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2063127-paidam-tierine-syn-senemin-golovkin-qoldagan-sportsuier-qauymga-algys-aitty/

pixel