Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын жарысқа дайындалып жатыр (видео)
Опубликовано:

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындалып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық боксшылардың оқу-жаттығу жиыны Түркістан облысында өтіп жатыр. Оған 80-ге жуық былғары қолғап шебері қатысуда. Олардың ішінде Италияға аттанатын алты боксшыдан бөлек, ұлттық құраманың өзге де мүшелері мен әр облыстың құрамалары бар.
Айта кетейік, Италиядағы іріктеу турнирі 4-12 наурыз аралығында өтеді. Бұл жарыcқа 114 елден 668 спортшы қатыспақ. Турнирде 28 лицензия сарапқа салынады.
Жарысқа қатысатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы:
- 51 келі: Сәкен Бибосынов;
- 57 келі: Махмұд Сабырхан;
- 63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
- 71 келі: Асланбек Шымбергенов;
- 80 келі: Нұрбек Оралбай;
- 92 келі: Айбек Оралбай.
Қазір Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Оны 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақта cынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев иеленген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2063293-bokstan-qazaqstan-quramasy-olimpiada-zoldamasy-sarapqa-salynatyn-zarysqa-daiyndalyp-zatyr-video/