jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бокстан лицензиялық турнир: бүгін қазақстандық 5 боксшы шаршы алаңға шығады

    Боксшы Айбек Оралбай және бас бапкер Мырзағали Айтжанов
    Боксшы Айбек Оралбай және бас бапкер Мырзағали Айтжанов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бүгін, 7 наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық 5 боксшы жұдырықтасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жарыстың бесінші күні Қазақстан ерлер құрамасынан үш, ал әйелдер құрамасынан екі боксшы сынға түседі. Жайна Шекербекова алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Асланбек Шымбергенов, Мұхамедсабыр Базарбайұлы және Айбек Оралбай екінші кездесулеріне шығады. Ал Римма Волосенко ширек финалда бақ сынайды.

    Қазақстандық боксшылардың қарсыластары және жекпе-жектің уақыты:

    • 54 келі: Жайна Шекербекова (Қазақстан) — Шукура Карим (Нигерия), 15:15;
    • 60 келі: Римма Волосенко (Қазақстан) — Мирослава Единакова (Словакия), 17:30;
    • 63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Радослав Росенов (Болгария), 01:00;
    • 71 келі: Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) – Дамиан Дуркач (Польша), 01:30;
    • 92 келі: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Юнг Ха Ныль (Оңтүстік Корея), 03:15.

    Айта кетейік, Италиядағы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамалары (ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21) сарапқа салынады. Былғары қолғап шеберлері Олимпиада лицензиясына ие болу үшін жартылай финалға дейін жетуге тиіс.

    Бокстан лицензиялық турнир: бүгін қазақстандық 5 боксшы шаршы алаңға шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.