Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәкен Бибосынов өзге елдің намысын қорғап жүрген қазақ боксшысын жеңді

Опубликовано:

Cәкен Бибосынов және Азат Махметов
Cәкен Бибосынов және Азат Махметов. Фото: instagram.com/qaz_olympics

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Италияда өтіп жатқан бокстан әлемдік лицензиялық турнирдің 1/8 финалында Бахрейн азаматтығын алған қазақ Азат Махметовті жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде Сәкен Бибосынов төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық боксшы ширек финалға жолдама алды. Енді Бибосынов келесі жекпе-жегін Ұлыбритания өкілі Киран Макдональдқа қарсы өткізеді. Егер бұл қарсыласынан басым түссе, Олимпиада лицензиясына ие болады.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов турнирдің бірінші айналымында Гонконг өкілі Каннет Чун Хим Танмен жолыққан еді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Ал екінші кезеңде Бибосынов кениялық былғары қолғап шебері Давид Каранжа Мачариямен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен басым түскен еді.

Айта кетейік, Италиядағы лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамалары (ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21) сарапқа салынып жатыр. Былғары қолғап шеберлері Олимпиада лицензиясына ие болу үшін жартылай финалға дейін жетуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2065773-saken-bibosynov-ozge-eldin-namysyn-qorgap-zurgen-qazaq-bokssysyn-zendi/

pixel