jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Елнұр Сүйінбай халықаралық жарыста алтын жүлде еншіледі

    Елнұр Сүйінбай
    Елнұр Сүйінбай. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Литваның Каунас қаласында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас турнирінде қазақстандық боксшы Елнұр Сүйінбай алтын медальді қанжығалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    67 келі салмақтағы Елнұр Сүйінбай ақтық сында украиналық боксшы Кирилл Глобенкомен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті.

    Еске салайық, қазақстандық тоғыз боксшы Альгирдас Шоцикас турнирінің финалына жолдама алған еді. Олар: Нұрсұлтан Алтынбек, Асылжан Серікбай, Алмат Әбдуәли, Жандос Қыдыралиев, Елнұр Сүйінбай, Фарух Тохтасунов, Азамат Бектас, Тұрсынбай Құлахмет, Абзал Құттыбеков.

    Нұрсұлтан Алтынбек финалда украиналық қарсыласы Иван Завадскийге есе жіберіп, күміс жүлде еншіледі. Асылжан Серікбай Денис Поздольскийді (Украина) жеңіп, алтын медальға ие болды. Алмат Әбдуәли Латвия өкілі Матвейс Прокудинстан жеңіліп, екінші орынды місе тұтты.

    Айта кетейік, Альгирдас Шоцикас турниріне әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы барған. Ал Қазақстаннан 11 былғары қолғап шебері аттанған еді.

    Боксшы Елнұр Сүйінбай халықаралық жарыста алтын жүлде еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.