Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тас-түйін дайын отыр": боксшы Дулат Бекбауовқа қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Опубликовано:

Дулат Бекбауов
Дулат Бекбауов. Фото: kfb.kz

Белгілі спорт менеджері, комбат джи-джитсу федерациясының вице-президенті Бақытбек Хамит боксшы Дулат Бекбауовтың салмағына қатысты ақпарат жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Дулаттың салмағы 63,5 келіге жақындап қалды. Лицензиялық турнир алдында бабын да, бағын да сынап көруге тас-түйін дайын отыр. Ескерту: Бабы келіп тұрғанына лицензия бұйырсын!

63,5 келіде бұрыннан жүрген жігіттерге де мотивация ғой бұл, әлем чемпионатының күміс жүлдегері күнде қарсылас бола бермейді. Лицензияға кімнің баратыны маңызды, баршаңызға сәттілік тілеймін", — деді Бақытбек Хамит.

Айта кетелік, Дулат Бекбауов 67 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Қазақстан Спартакидасында жеңіске жеткен соң ол олимпиадалық салмақ — 63,5 келіге ауысатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2072946-tas-tuiin-daiyn-otyr-dulat-bekbauov-zana-olimpiadalyq-salmaqta-licenziyaga-talasady/

pixel