jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық бес боксшы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

    Талғат Сырымбетов
    Талғат Сырымбетов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Қазақстандық бес боксшы Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирінің жартылай финалында жұдырықтасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Турнирдің екінші күнінде қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығып, үшеуі де жартылай финалға жолдама алды.

    60 келі салмақ дәрежесіндегі Талғат Сырымбетов ширек финалда венгриялық боксшы Марк Адольф Балоқты жеңді. Ал Дархан Дүйсебай (71 келі) жергілікті былғары қолғап шебері Наби Искандаровтан төрешілердің шешімімен басым түсті. Бекзат Таңатар (86 келі) Өзбекстанның тәжірибелі боксшысы Самандар Джалоловты ұтты.

    Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандық алты боксшы сынға түскен еді. Оның тек екеуі – Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сағындық Тоғамбай (92 келі) жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Осылайша, қазақстандық бес боксшы жартылай финалда бақ сынайды.

    Еске салайық, Қамшыбек Қоңқабаев және тағы 10 боксшы халықаралық турнирде Қазақстан намысын қорғайтынын жазғанбыз.

    Қазақстандық бес боксшы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.