jitsu gif
Спорт

    Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді

    Боксшы Ангелина Лукас
    Боксшы Ангелина Лукас. Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

    Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкоктегі бокс кешінде таиландтық қарсыласын жеңіп кетті. Спортшы кәсіби рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ангелина Лукас Таиланд өкілі Танварат Саенгиамджитпен жұдырықтасты. Жекпе-жек 8 раудқа созылды. Спортшылар тартысты кездесу өткізді. Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

    Осылайша қазақстандық ару кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Ал қарсыласы Танварат Саенгиаджмит қатарынан үшінші жекпе-жекте есе жіберді.

    Айта кетейік, бұған дейін беделді BoxRec порталының мәліметі бойынша Лукастың қарсыласы алты жекпе-жектің бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен Тханьярат Джайлом болуы керек еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.