jitsu gif
Спорт

    Олимпиада ойындарында жүлделі орын алған боксшыларға берілетін сыйақы мөлшері қандай

    Сәкен Бибосынов шаршы алаңда
    Сәкен Бибосынов. Фото: Тұрар Қазанғапов

    Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды.

    Аталмыш жиында Париж Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері жарияланды:

    • 1-орын: 220 000 доллар;
    • 2-орын: 120 000 доллар;
    • 3-орын: 70 000 доллар;
    • 4-орын: 30 000 доллар;
    • 5-орын: 10 000 доллар.

    Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

    Айта кетейік, бокстан Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алған боксшыларға 20 000 АҚШ доллары табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.