Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лицензиялық турнирге баратын боксшыларды анықтайтын спарринг: онлайн-трансляция

Опубликовано:

Ертуған Зейнуллинов
Ертуған Зейнуллинов. Фото: Нұрғали Жұмағазы/Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін, 8 сәуірде бокстан лицензиялық жарысқа баратын спортшыларды анықтау үшін өтетін спаррингтік турнирдің алғашқы жарыс күні басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Спаррингтің турнирді Qazsport арнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады. Алғашқы күннің жекпе-жектері 16:00-де басталады.

Жекпе-жектер 8-10 сәуір аралығында Астанадағы бокс орталығында өтеді. Ерлер арасында спаррингтер 63,5 кг салмақ дәрежесінде ұйымдастырылмақ. Бұл салмақта 5 боксшы сынға түседі. Ал әйелдер арасында спаррингтер 50 кг, 54 кг, 66 кг және 75 кг салмақ дәрежелерінде өтеді.

Жарыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшылар анықталады.

Ерлер арасында 63,5 кг салмақ дәрежесінде спаррингтік жарыстың жеребе қорытындысы:

  • Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Ертуған Зейнуллинов;
  • Серік Теміржанов – Дулат Бекбауов;
  • Жандос Қыдыралиев жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол Базарбайұлы мен Зейнуллинов арасындағы жекпе-жекте жеңген боксшымен жұдырықтасады.

Айта кетейік, қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі) лицензия жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2080817-licenziyalyq-turnirge-baratyn-bokssylardy-anyqtaityn-sparring-onlain-translyaciya/

pixel