Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лицензиялық турнирге іріктеу: боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға өтті

Жарияланған күні:

Боксшы
Ертуған Зейнуллинов. Фото: olympic.kz

Бүгін, 8 сәуірде бокстан лицензиялық жарысқа баратын спортшыларды анықтау үшін өтетін спаррингтік турнирдің алғашқы жарыс күні басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Спаррингтік турнир 8-10 сәуір аралығында Астанада өтеді. Жарыстың алғашқы күнінде 63,5 кг салмақ дәрежесінің ширек финалында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллинов күш сынасты. Үш раундқа созылған кездесуде Мұхаммедсабыр басым түсіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 9 сәуірде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жарысты екінші айналымнан, яғни жартылай финалдан бастайтын боксшы Жандос Қыдыралиевпен жұдырықтасады. Сонымен қатар, дәл осы салмақ дәрежесінде Серік Теміржанов пен Дулат Бекбауов та жартылай финалда кездеседі.

Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) лицензия жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2080964-bokstan-olimpiada-zoldamasyn-sarapqa-salatyn-turnirge-kim-qatysady-muxammedsabyr-zartylai-finalga-otti/