jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Үмітті ақтамадым": ұлттық құрама сапына ілікпеген боксшы мәлімдеме жасады

    Балауса Мұздыман
    Балауса Мұздыман. Фото: instagram.com/muzdi_______

    Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде жеңіліп қалған боксшы Балауса Мұздиман мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Балауса Мұздыман 54 кг салмақтағы спаррингтің ширек финалында Жайна Шекербековаға есе жіберген еді.

    “Барлығына соңғы жаңалық мәлім шығар. Иә, ол – менің арманым. Менің ғана емес барлық спортшының арманы. Бірақ Алла берген мүмкіндікті дұрыс пайдаланбадым. Өкініш, әрине бар. Маған сенген жандардың үмітін ақтамадым. Бастысы мен соңғы іріктеуге дейін арманымды сатып кетпедім. Көрдім. Келдім. Бұйырмады. Бірақ мұнымен өмір тоқтап қалмайды, ары қарай жұмысты жалғастырамыз. Мені қолдап соңына дейін жанкүйер болғандарыңызға рахмет!", – деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

    Балауса Мұздиманның Stories-і.
    Балауса Мұздиманның Stories-і. Скриншот: instagram.com/muzdi_______

    Айта кетейік, спаррингтік турнирдің финалы бүгін, 10 cәуірде өтеді. Жеңген боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирге барады.

    "Үмітті ақтамадым": ұлттық құрама сапына ілікпеген боксшы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.