jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Олимпиадаға іріктеу турниріне баратын боксшы қыздар анықталды

    Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар арасындағы жекпе-жек
    Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар арасындағы жекпе-жек. Фото: olympic.kz

    Бүгін, 10 сәуірде бокстан әйелдер арасындағы спаррингтік турнир аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    54 кг салмақ дәрежесіндегі спаррингтің финалында Ұлжан Сәрсенбек пен Сымбат Әлиасқар кездесті. Бұл жекпе-жекте Ұлжан Сәрсенбек жеңіске жетті. Ал 66 кг салмақтағы бәсекенің ақтық сынында Наталья Богданова Жасмин Қизатованы ұтты. 75 кг салмақта Гүлсая Ержан мен Валентина Хальзова қолғап түйістіріп, Валентина басым түсті.

    Айта кетейік, финалда жеңген боксшылар 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Таиландта өтетін соңғы лицензиялық жарысқа қатысады. Бұл турнирде Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынады.

    Еске салайық, 50 кг салмақ дәрежесінің финалында Назым Қызайбай жеңіске жетіп, лицензиялық жарысқа жолдама алған еді. Сондай-ақ ерлер арасында 63,5 кг cалмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бес боксшының арасынан іріктелді.

    Қазір бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың 7 лицензиясы бар. Ерлер арасында Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) жолдама иеленді. Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 кг) лицензия жеңіп алған еді.

    Олимпиадаға іріктеу турниріне баратын боксшы қыздар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.