"Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен": Қазақстан бокс федерацияның бірінші вице-президенті тағайындалды
Опубликовано:
Жалғас Тукешов республикалық бокс федерациясының бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияға сілтеме жасап хабарлайды.
"Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Тукешов Жалғас Букенбайұлы республикалық федерацияның бірінші вице-президенті қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жалғас Тукешов – бокс жанкүйерлеріне танымал маман. Көп жыл бойы кәсіби бокс кештерінің ұйымдастыруымен айналысып, промоутерлік қызмет атқарған.
Ол бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2089205-ulttyq-qurama-sapynda-oner-korsetken-qazaqstan-boks-federaciyanyn-birinsi-vice-prezidenti-tagaiyndaldy/