Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балауса Мұздиман: Әйел адамдар эмоцияға бейім болғандықтан, рингте соңына дейін шайқасады

Опубликовано:

Балауса Мұздиман
Балауса Мұздиман. Фото: Parimatch

Боксшы және Parimatch амбассадоры Балауса Мұздиман бала кезіндегі әйелдер боксы туралы алалаушылықпен қалай күрескенін және қазір олармен қалай күресіп жатқанын айтып берді.

- Сіз бокс бөлімінде "қыздарға бұл жерде жаттығудың қажеті жоқ" дегендер болды деп айтып едіңіз. Мұндай мәлімдеме сізді спорттық тұрғыдан ашуландыра алды ма, әлде демотивация болды ма?

- Иә, маған қыздардың бұл спорт түрімен айналыспағаны абзал деп айтылатын, бірақ ол маған кедергі болмады. Алдымен достарыммен барып жүрдім, содан кейін өзіме ұнай бастады, сондықтан осы бағытта жұмыс істеу керекпін деп шештім. Ешқашан ешкімді тыңдамадым.

- Әйелдер боксы қазіргі уақытта дамыған спорт түрі, оны ешкім экзотика деп санамайды. Қалай ойлайсыз, ол ерлердікі сияқты танымал бола алады ма және қашан?

- Иә, әрине, әйелдер боксы әлемдік деңгейде тез дамып келеді. Барша Кардтарда әйелдерді көргісі келеді. Әйелдер боксы ерлер боксына қарағанда танымал болып, жоғары жалақы төленетініне сенімдімін.

- Қазір алалауға тап болып жүрсіз бе? Мұндай адамдарға не деп жауап бересіз?

- Иә, дауласатын, талқылайтын, айыптайтын адамдар бар. Бірақ мен оларға назар аудармаймын.

- Әйелдер боксында оны ерлер боксынан ерекшелендіретін бір гәп болатыны анық. Солай ма, егер солай болса, несімен?

- Иә, әйелдер боксы ерекшеленеді, оған қоса ерлерде жоқ қасиеттеріміз бар, ол – салқынқандылық.

Әйелдер эмоцияға бейім болғандықтан, рингте олар қан мен жарақатқа қарамастан, соңына дейін шайқаса алады.

*Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2093720-balausa-muzdiman-aiel-adamdar-emotsiiaga-beiim-bolgandyqtan-ringte-songyna-deiin-shaiqasady/

pixel