jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 11 алтын иеленді

    Ұлдана Таубай
    Ұлдана Таубай.Фото: Instagram/boxingkazakhstan

    Астанада жастар арасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 11 қазақстандық спортшы алтын медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    27 сәуір-7 мамыр күндері аралығында Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша бәсеке өз мәресіне жетті.

    Бүгін жастар арасындағы 25 салмақ бойынша (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаздар анықталды.

    Ұлдар: Қазақстан — 5 алтын, 1 күміс, 6 қола (Жалпы есепте 1-орын).

    Финалға шыққан спортшылар арасында тек Иманғали Нұрпейіс қана алтынды жеңе алмады.

    60 келі. Алексей Хаванцев - Сагар Джахар (Үндістан) 5:0;

    67 келі. Төрехан Сабырхан - Мухамедазиз Исмаилов (Өзбекстан) 5:0; 71 келі. Өнер Сейілхан - Пряндшу (Үндістан) 5:0;

    75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Рахул Кунду (Үндістан) 4:1;

    80 келі. Мадияр Бексұлтанов - Мухаммадазиз Закиров (Қырғызстан) 4:1;

    86 келі. Иманғали Нұрпейіс - Ахмаджон Исроилов (Өзбекстан) 0:5.

    Қыздар: Қазақстан — 6 алтын, 3 күміс, 3 қола (Жалпы есепте 1-орын).

    Қыздар арасында 52, 70 және 81 келіден жоғары салмақта финалға шыққан спортшылар есе жіберді.

    52 келі. Бағжан Отынбай - Ниша (Үндістан) 0:5;

    54 келі. Аяжан Сыдық - Таманнам (Үндістан) 4:1;

    57 келі. Аяжан Ермек - Феруза Шарипова (Өзбекстан) 5:0;

    60 келі. Толғанай Қасымхан - Никита Чанд (Үндістан) 4:1;

    66 келі. Ұлдана Таубай - Дина Жанатбике (Қытай) 4:3;

    70 келі. Мария Сидоренко - Альмира Абдрайымму (Қытай) 0:5;

    75 келі. Шұғыла Нәлібай - Рудрика (Үндістан) 4:1;

    81 келі. Аружан Зейноллаева - Хуши (Үндістан) 4:1;

    +81 келі. Панар Сейітханқызы - Собирахон Шахобиддинова (Өзбекстан) 0:5.

    Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 11 алтын иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.