jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстаннан көшіп келген боксшы Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

    Cәкен Бибосынов және Аман Қонысбеков
    Cәкен Бибосынов және Аман Қонысбеков. Фото: instagram.com/amankonsbekov

    Өзбекстаннан көшіп келген боксшы Аман Қонысбеков Қазақстан құрамасы сапында "Елорда кубогына" қатыспақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бүгін, 13 мамырда Астанада бокстан ересектер арасында "Елорда кубогы" халықаралық турнирі басталады. Бұл жарысқа биыл Өзбекстаннан көшіп келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков те қатыспақ. 71 кг салмақта бақ сынайтын Қонысбековтің алғашқы қарсыласы Азат Иманберлі болады.

    Сондай-ақ "Елорда кубогының" алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы сапынан Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов және тағы басқа да боксшылар рингке шығады.

    "Елорда кубогінің" бірінші күні өтетін жекпе жектер
    "Елорда кубогінің" бірінші күні өтетін жекпе жектер. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, жарысқа Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай командалары келді. Турнирдің жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

    Өзбекстаннан көшіп келген боксшы Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.