jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстаннан қоныс аударған қазақ боксшысы халықаралық турнирді жеңіспен бастады

    Аман Қонысбеков
    Аман Қонысбеков. Фото: instagram.com/amankonsbekov

    Өзбекстанда туып-өсіп, кейін Қазақстанға көшіп келген қазақ боксшысы Аман Қонысбеков Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогі" халықаралық турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    71 кг салмақта бақ сынап жатқан Аман Қонысбеков турнирдегі алғашқы жекпе-жегін тағы бір қазақстандық боксшы Азат Иманберліге қарсы өткізді. Үш раундқа созылған бәсекеде Қонысбеков айқын басымдықпен жеңіске жетті. Енді Аман келесі кезеңде Жапония өкілі Хиранака Нобухиромен жұдырықтасады.

    Аман Қонысбеков – бокстан 2023 жылғы Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл Қазақстанға көшіп келген еді. Қазір боксшы Түркістан облысының намысын қорғап жүр.

    Айта кетейік, "Елорда кубогі" 18 мамырға дейін жалғасады. Турнирге 60-қа жуық қазақстандық боксшы қатыспақ. Сондай-ақ Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай боксшылары да бақ сынайды.

    Жарыстың жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

    Өзбекстаннан қоныс аударған қазақ боксшысы халықаралық турнирді жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.