jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Олимпиада жолдамасын иеленген жалғыз қазақстандық боксшы қыз "Елорда кубогының" финалына шықты

    Карина Ибрагимова
    Карина Ибрагимова. Фото: kfb.kz

    Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогы" халықаралық турнирінің финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Карина Ибрагимова 57 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсекенің жартылай финалында отандасы Виктория Байдуковамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Ибрагимова – Азия чемпионы, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол – әйелдер боксынан әзірге Қазақстан қоржынындағы жалғыз Олимпиада лицензиясының иегері.

    Айта кетейік, бокстан "Елорда кубогі" 18 мамырға дейін жалғасады. Турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай боксшылары да қатысып жатыр.

    Жарыстың жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.

    Олимпиада жолдамасын иеленген жалғыз қазақстандық боксшы қыз "Елорда кубогының" финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.