jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Сәкен Бибосынов елордада өтіп жатқан халықаралық турнирдің алтын жүлдесіне таласады

    Сәкен Бибосынов
    Сәкен Бибосынов. Фото: kfb.kz

    Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогы" халықаралық турнирінің финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    51 кг салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосынов жартылай финалда жапониялық боксшы Соуши Макиномен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Бибосынов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

    Енді финалда Сәкен отандасы Дамир Әбдіқадырмен жарыстың алтын медалін сарапқа салады. Ақтық сын ертең, 18 мамырда өтеді.

    26 жастағы Бибосынов – 2021 жылғы әлем чемпионы және Токиодағы 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ол наурызда Италияда өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын.

    Еске салайық, жақында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Сәкен Бибосыновқа лейтенант шенін табыстаған еді.

    Сәкен Бибосынов елордада өтіп жатқан халықаралық турнирдің алтын жүлдесіне таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.