jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы аңыз боксшы Мұхаммед Әлидің жетістігін қайталамақ

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: x.com/qazaqstyle

    Орта салмақ дәрежесіндегі WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы аты аңызға айналған Мұхаммед Әли сияқты тарихта қалғысы келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелестегі (АҚШ) даңқ аллеясында орналасқан Мұхаммед Әлидің жұлдызының жанында суретке түсіп, X желісіндегі парақшасына жариялады.

    "Құдай қаласа, мен де ол сияқты тарихқа енемін", - деп жазды Әлімханұлы.

    Айта кетейік, қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жегін 13 шілдеде Лас-Вегастағы Palm Casino Resort аренасындағы бокс кешінде өткізеді. Оның қарсыласы IBF белбеуіне міндетті үміткер, Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович болуы мүмкін.

    Михайловичтің еншісінде жиырма бір жеңіс бар, оның он үшін мерзімінен бұрын аяқтаған. Жаңа Зеландия өкілі соңғы жекпе-жегінде Эдисон Сальтаринді бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

    Әлімханұлы рингке соңғы рет 2023 жылдың 15 қазанында шықты. Ол кезде Жәнібек Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF ұйымдарының чемпиондық белбеулерін біріктірді.

    Жәнібек Әлімханұлы аңыз боксшы Мұхаммед Әлидің жетістігін қайталамақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.