jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы колумбиялық боксшыны жеңіп, Олимпиада жолдамасына жақындай түсті

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: t.me/boxing_kazakhstan

    Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан лицензиялық турнирде кезекті жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    63,5 кг салмақта бақ сынап жатқан Мұхаммедсабыр колумбиялық Хосе Мануэль Виафарамен жұдырықтасып, 3:2 есебімен жеңді. Енді қазақстандық боксшы ертең, 2 маусымда Олимпиада жолдамасы үшін молдовалық Александру Парасичке қарсы жекпе-жек өткізеді.

    Бүгін, 1 маусымда шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылар – Назым Қызайбай (50 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) да қарсыластарынан басым түсті. Олар ертең Олимпиада жолдамасы үшін жұдырықтасады. Назым солтүстік кореялық Канг Су Хуангпен кездессе, Валентина колумбиялық Ширлейдиз Орозкомен қолғап түйістіреді.

    Әзірге бокстан Қазақстан құрамасының қоржынында 7 лицензия (ерлер – 6, әйелдер – 1) бар.

    Мұхаммедсабыр Базарбайұлы колумбиялық боксшыны жеңіп, Олимпиада жолдамасына жақындай түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.