Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы төрешілердің шешіміне шағымданып, Головкинге үндеу жасады

Опубликовано:

Мирас Ертанов пен Виктор Коточигов
Мирас Ертанов пен Виктор Коточигов. Фото: instagram.com/has_pro_boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Коточигов Алматыдағы бокс кешінде төрешілер әділетсіз шешім шығарғанын айтып, Геннадий Головкинге үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

1 маусымда Алматыда Has Pro Boxing промоушенінің ұйымдастыруымен бокс кеші өтті. Бұл кештің басты оқиғасы қазақстандық боксшылар Мирас Ертанов пен Виктор Коточигов арасындағы жекпе-жек болды. Осы бәсекеде Мирас Ертанов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Алайда Коточигов төрешілердің шешіміне наразы екенін айтып, Instagram желісіндегі парақшасында видеоүндеу жасады. Видеода "Геннадий Головкинге үндеу" деп жазылған.

"Мен жекпе-жекте толықтай жеңдім. Артынша төрешілер әділетсіз шешім шығарды. Комиссия жекпе-жекті толықтай қарап, жеңісті нағыз чемпионға бергенін қалаймын. Ал сол кезде төрелік еткендерді жазаласа деймін.

Қазір өте көп спортшы төрешілердің әділетсіздігінен жапа шегіп жүр. Біз бұған көз жұма қараймыз. Сондықтан жастардың көбі спортты тастап кетіп жатады. Бәрі әділ болсын. Алға Қазақстан", - деді Коточигов.

Бокс кешін ұйымдастырған Has Pro Boxing промоушені бұл жағдайға қатысты Instagram желісінде мәлімдеме жасады.

"Виктор Коточиговтың тарапы Мирас Ертановқа қарсы өткізген айқастағы төрешілер шешіміне наразы. Has Pro Boxing промоушенінің 63,5 кг салмақтағы Golden Grand Prix аясында бірінші жартылай финалдық жекпе-жекте Виктор қарсыласы Мирасқа есе жіберген еді. Осы орайда өз жеңісіне сенімді Коточигов командасы жекпе-жекті тәуелсіз комиссияның қайта қарауына ұсынбақ.

Айта кетейік, промоушеннің төрешілер шешіміне ешқандай ықпалы жоқ. Бұл бокстың бұлжымас заңдылығы. Осы кеште төрелік еткен Қазақстан кәсіпқой бокс комиссиясының төрешілері шығарған шешімді жанкүйер жұрт пен бокс мамандары сынға алуға толық құқылы. Бұл еліміздегі бокстың дамуына, төрешілер жұмысының сапасының артуына оң әсер ететін фактор.

Келіспеуші тарап апелляция ұсынуға ықтиярлық танытып отырған болса, промоушен бұл қадамды да қолдайды. Has Pro Boxing тек әділ бокс үшін ғана жұмыс жасайды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2111841-qazaqstandyq-boksshy-toreshilerding-sheshimine-shagymdanyp-golovkinge-undeu-zhasady/