jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы абсолют әлем чемпионы Александр Усикпен кездесті (видео)

    Жәнібек Әлімханұлы және Александр Усик
    Жәнібек Әлімханұлы және Александр Усик. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы абсолют әлем чемпионы украиналық Александр Усикпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Сені көргеніме қуаныштымын. Спаррингке келіп, мені қолдағаныңа рақмет. Сондай-ақ құнды кеңесіңе алғыс айтамын", - деп жазды Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, Александр Усик мамырда британдық Тайсон Фьюриді жеңіп, абсолют әлем чемпионы атанған еді.

    Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Ресей тумасы, Жаңа Зеландияның атынан шығатын Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ) Palm Casino Resort аренасында өтеді.

    Әлімханұлы (15-0, 10 КО) соңғы жекпе-жегінде Германия өкілі Винченцо Гуальтиериді алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерінің иегері атанған болатын.

    Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) соңғы рет шаршы алаңға сәуірде шықты. Ол венесуэлалық Эдисон Сальтаринмен кездесіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

    Жәнібек Әлімханұлы абсолют әлем чемпионы Александр Усикпен кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.