jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшылар Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады (видео)

    Қазақстан бокс құрамасы
    Қазақстан бокс құрамасы. Фото: instagram/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері Анталияда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, елге оралды. Бір аптаға созылған жаттығу жұмыстарында боксшылар Жерорта теңізіне шомылып, жағажайда жүгірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ерлер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Жоспар бойынша команда кеңейтілген құрамда Анталияда бір апта өткізді.

    "Боксшылар жағажайда жүгіріп, дәл сол жерде бокс жаттығуларын жасады, Жерорта теңізіне шомылып, көгалда командалық ойындар ұйымдастырылды. Субтропикалық жұмсақ климатта бойына күш-қуат жинаған спортшылар үйлеріне тарқасты. Санаулы күнде ұлттық құрама Алматы облысындағы олимпиадалық базада оқу-жаттығу жиынына кіріседі. Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы екі кезең жаттығу қалды. Бұл - соның алғашқысы", - делінген Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

    Айта кетейік, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасына дайындық туралы айтқан еді.

    "Мен кім жүлде алатынын, ал кім алмайтынын айта алмаймын. Әрбірі Олимпиадаға қатысу құқығына еңбекпен қол жеткізді. Бокста әртүрлі жағдайлар болады. Көп нәрсе жеребеге байланысты. Біздің тапсырма – кемі бір алтын, бір күміс, бір қола медаль алу. Бірақ мүмкіндік болса, одан да жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз. Әрбір боксшының медаль еншілейтін мүмкіндігі бар", - деді бас бапкер.

    Қазақстандық боксшылар Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.