Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл менің сендерге сыйым": боксшы Александр Усик абсолют әлем чемпионы атағынан бас тартты

Опубликовано:

Украиналық боксшы Александр Усик
Украиналық боксшы Александр Усик. Фото: FAYEZ NURELDINE/AFP via Getty Images

Украиналық боксшы Александр Усик ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағынан бас тартты. Ол IBF атағын британиялық боксшылар Энтони Джошуа мен Даниэль Дюбуаның жекпе-жегі үшін берді, деп KAZ.NUR.KZ украиналық боксшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Украиналық спортшы өзінің әлеуметтік желісінде IBF белбеуінен бас тартқанын айтты. Ол 21 қыркүйекте кездесетін Энтони Джошуа мен Даниэль Дюбуа арасындағы жекпе-жек үшін титулдан бас тартатынын мәлімдеді.

"Бәріне сәлем! Энтони мен Даниэль, тыңдаңдар, IBF белбеуі сендер үшін маңызды екенін білемін... Бұл менің сендерге деген сыйым болсын. Құдайға шүкір! Украина алға!", - деді Александр Усик.

Еске салайық, 18 мамырда Александр Усик британиялық Тайсон Фьюриді жеңіп, абсолют әлем чемпионы атағына ие болған еді. Осы уақытқа дейін украиналық боксшы кәсіпқой рингте 22 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

"Хабардар бол!" - NUR.KZ ұсынған жаңалықтар топтамасы

Редакция ең өзекті мақалаларды бір жерге топтастырып, назарға ұсынады. Әлемде және елде болып жатқан аптаның ең маңызды оқиғаларынан әрдайым хабардар болып отырыңыз.

* міндетті түрде толтырылуы керек жол

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2124171-bul-mening-senderge-syiym-boksshy-aleksandr-usik-absoliut-alem-chempiony-atagynan-bas-tartty/