jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Геннадий Головкин бокспен қош айтысу туралы сұраққа жауап берді (видео)

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Erick W. Rasco/Sports Illustrated via Getty Images

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин журналист Кевин Айолаға берген сұхбатында кәсіби бокстағы карьерасын аяқтауға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Еске салайық, GGG соңғы рет 2022 жылдың 17 қыркүйегінде рингке шыққан. Сол кезде қазақстандық спортшы мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы үшінші жекпе-жекте қазақстандық төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңілген еді.

    "Айтудың өзі қиын, бұл туралы ойламайсың. Бокстағы өмірің мен онсыз өмір – екі бөлек екені анық. Сүйікті отбасым, балаларым барына алғыс. Бар назарым отбасыма ауды. Бұл маған (ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауы туралы – авт. ескертпесі) аса ауыр драма болмағанына осындай уәж айта аламын. Мұны жан-тәніммен түсініп үлгермедім немесе бокспен толыққанды қош айтыспадым, сондықтан әрдайым жаттығып, физикалық жағдайымды жақсы күйде ұстаймын, карьерамды аяқтадым деген ойға әлі толықтай бекігенім жоқ.

    Қазір жағдайым жақсы, өмірім жайлы, себебі мен саумын, өзіме берілген уақыттың рахатын көріп жатырмын. Бәрі жақсы", - деді Геннадий Головкин.

    Қазақстандық спортшы екі жыл ішінде WBA, IBF және IBO ұйымдарының чемпиондық атақтарынан бас тартты.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.