Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермахан Ыбырайымов Парижде Бақтияр Артаевтың жолын жалғайтын боксшының есімін атады

Опубликовано:

Ермахан Ыбырайымов
Ермахан Ыбырайымов. Фото: fdk.kz

Бангкокта (Таиланд) өткен соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын жеңіп алған қазақстандық боксшыларды марапаттау кешінде сөз сөйлеген Ермахан Ыбырайымов Парижде Бақтияр Артаевтың ерлігін қайталап, алтын алатын боксшыны атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бірінші бол порталының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл салтанатты іс-шарада Олимпиада жолдамажеңіп алған боксшылардан бөлек ардагер спортшылар мен бапкерлерге де құрмет көрсетілді.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Сидней Олимпиадасында топ жарып, жеңімпаз атанған Ермахан Ыбырайымовтың иығына шапан жапты.

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы, ардагер боксшы алдағы Париж Олимпиадасына қатысты өзінің ойын айтты. Ол Таиландтағы додада жолдама алып келген Мұхамедсабыр Базарбайұлын 2004 жылғы Афины Олимпиадасында жеңімпаз атанған Бақтияр Артаевпен салыстырды.

"Бұл Артаевтың жолына ұқсайды. Неге десеңіз, Артаев соңғы сәтте Олимпиада лицензиясын алып, Олимпиада жеңімпазы атанды. Жартылай финалда ол екі дүркін Олимпиада чемпионы Олег Саитовты, финалда екі дүркін әлем чемпионы Лоренсо Арагон Арментеросты ұтты. Қазір сенің де мүмкіндігің бар. Сен дайынсың. Тек Олимпиадаға барған кезде өзіңе сен", - деді Ермахан Ыбырайымов.

Жанкүйерлер тағатсыздана күтіп жүрген Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Бұған дейін Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекелерінің толық кестесі жарияланғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2128140-ermahan-ybyraiymov-parizhde-baqtiiar-artaevtyng-zholyn-zhalgaityn-boksshynyng-esimin-atady/